RU

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығады

Рассказать Вконтакте

Әлем бойынша таралып жатқан коронавирустың пандемия деп танылуына байланысты Қазақстан билігі вирустың алдын алу шараларын қабылдауда. Атап айтқанда, елімізде мектеп оқушылары үшін мерзімінен бұрын демалыс жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектеп оқушыларының 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында демалатыны белгілі болды.

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шараларды әзірледі деп жазды Sputnik Қазақстан

"Күні кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуына байланысты жағдайды пандемия деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді. Сол бойынша бүгін комиссия бірқатар нақты шешімдер қабылдады.
Алдымен 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады", – деді вице-премьер.

Ол барлық қоғамдық орындар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимге көшетінін жеткізді.

"Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу, қоғамдық көлікті жуу мен дезинфекциялау, орта білім беру ұйымдарының каникулға 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 5 сәуір аралығында шығуын қамтамасыз ету, 16 наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру, 1"а", 1"б", екінші және үшінші санаттағы елдерге халықаралық спорттық, мәдени туристік шараларға тыйым салу сияқты уақытқа шаралар қабылданады", – деп атап өтті Тоғжанов.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус COVID-19 вирусын пандемия деп жариялаған еді.

Осыдан соң президент коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасап, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығады
Mailfire view pixel