RU

Соңғы 33 жылдағы ең үлкен құлдырау АҚШ нарығында орын алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

12 наурызда Нью-Йорктегі қор биржасындағы сауда 33 жылдағы ең үлкен құлдыраумен аяқталды: елдің негізгі индекстері 10 пайызға төмендеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Michael Nagle/Bloomberg via Getty Images

Фото: Michael Nagle/Bloomberg via Getty Images

CNBC мәліметтеріне сәйкес, S&P 500 - 9,5%, NASDAQ - 9,4% және Dow Jones -10% жоғалтты.

Осыған ұқсас жағдай Америка құрама штаттарының нарығында соңғы рет 33 жыл бұрын, 1987 жылы орын алған. Ол уақытта яғни "Қара дүйсенбіде" Dow Jones индексі 22,6% бірден төмендеген болатын.

Еске сала кетсек, осыған дейін әлемдегі мұнай бағасы күрт төмендегенін жазған болатынбыз.

2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы "қара алтын" дүниежүзілік нарықтарда 30%-дан астам төмендеп, барреліне $31-33 көлемінде саудаланған.

Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында коронавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендегені белгілі болды.

Осы жағдай барлық елдің экономикасына қатты әсер етті.

Мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Қазақстанның ұлттық экономика министрі ел тұрғындары ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Соңғы 33 жылдағы ең үлкен құлдырау АҚШ нарығында орын алды
Mailfire view pixel