Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт жүзге жақындады: Доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтеріліп кетті

Опубликовано:

Мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

доллар
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ұлттық валютаға мұнай бағасының күрт құлдырауы бірден әсер етті.

Мәселен, бүгін таңертең доллар 390-нан 399 теңгеге дейін сатылды, деп хабарлайды kurs.kz сайты.

доллар
Скриншот kurs.kz сайтынан: UGC
Айта кетерлігі, бүкіл әлемде қауіпті індет - коронавирустың өршуі әлемдік нарықта мұнайдың артылып қалуына әкеліп соқты.

Жұма күні, 6 наурызда ОПЕК-ке мүше елдер қара алтын өндірісін азайту үшін басқа өндірушілермен келісуге тырысты, бірақ тараптар келісімге келмеді.

Атап айтқанда, Ресей өндірістің қысқаруына қарсы болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ бұған дейін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844485-dollar-bagamy-420-tegege-dejin-kterilip-ketti/

pixel