RU

Италияда 60 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италияда отасқандарына 60 жыл болған ерлі-зайыптылар коронавирусқа шалдығып, бір күнде, екі сағат айырмашылықпен қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Италияда 60 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне қариялардың ұлдары хабарлаған.

82 жастағы Севера Белотти мен оның 86 жастағы күйеуі Луиджи Каррара Бергамо провинциясының Альбино қаласында тұрған.

Бір аптадан астам уақыт олардың дене қызулары жоғары болып, үйлерінен шықпапты. Содан соң қарт кісілерді ауруханаға жеткізген.

Алайда ерлі-зайыптылар 10 наурызда қайтыс болған. Әйелі сағат 9:15-те, ал күйеуі - сағат 11:00-де көз жұмыпты.

Олардың ұлдары Лука карантин жарияланғандықтан ата-анасын өлер алдында көре алмапты. Қазір ол да екі баласы және әйелімен бірге карантинге алынған.

Еске сала кетсек, соңғы деректерге сәйкес, Италияда 1016 адам инфекцияның құрбаны болса, вирус жұқтырғандаржалпы саны - 13 мыңға жуық науқасты құраған. Небәрі бір күннің ішінде 188 адам аталмыш індеттен жан тапсырған.

Айта кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италияда 60 жыл отасқан ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде көз жұмды
Mailfire view pixel