Бағдат Мусин президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бірнеше кадрлық тағайындаулар орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазақстан президентінің шешімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1845217-bagdat-musin-prezidentti-keessisi-bolyp-tagajyndaldy/