RU

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік іс-сапарға ұшуға тыйым салынды

Мемлекет басшысы коронавирустың салдарынан қосымша шаралар қолдануға тапсырма берді. Осылайша, Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге шетелге іс-сапармен ұшуға тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік іс-сапарға ұшуға тыйым салынды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ел президенті өзге қосымша шаралар ішінде мемлекеттік қызметкерлерге шетелдік іс-сапарларға шығуға тыйым салуды тапсырған.

Мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сапарлар бұл ретте есепке алынбайды. Сондай-ақ Тоқаев мемлекеттің бюджеттік шығындарын қайта қарауды тапсырды.

Айта кетейік, 13 наурызда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді.

Мемлекет басшысы бүкіл әлем жаһандық экономика мен геосаяси жағдайды қайта құрудың күрделі кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, Қазақстан алдында экономиканы тұрақты даму режимінде ұстап тұру міндеті тұр.

Президент кәсіпорындар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау қажет деп санайды.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп танығаннан кейін, билік аурудың елімізде таралуына жол бермес үшін коронавирустың алдын алу шараларын күшейте түсті.

Мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, елде барлық қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845251-kazakstanda-memlekettik-kyzmetkerlerge-seteldik-is-saparga-suga-tyjym-salyndy.html