Қызылорда облысының әкімі бірқатар сауда нүктелерін аралап шықты
Жарияланған күні:
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов бүгін халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры мен бағасын білу мақсатында Қызылорда қаласындағы бірқатар сауда нүктелерін аралап шықты.
"Small", "Magnum" сауда орталықтарында, "Байқоңыр" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қоймасында және Жаппасбай батыр көшесіндегі "Әлеуметтік дүкенде" болдым.
Қазіргі таңда облыстық тұрақтандыру қорында 1219,9 тонна өнім бар. Сауда ұйымдарында, қоймаларда, өңірдегі 27 әлеуметтік маңызы бар дүкендерде азық-түлік тапшылығы болмайды деп отырмыз.
Сонымен бірге, 3,5 мың тонна азық-түлік өнімдерін сатып алу шаралары жүргізілуде.
Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес, қазіргі уақытта мұнай бағасы мен валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қор жинау мақсатында тиісті жұмыстарды тоқтаусыз жүргізе береміз.
Тұрғындар тұтынып отырған азық-түлігінен таршылық болмауы керек. Осы ретте, өңіріміздің кәсіпкерлері халыққа қолайлы жағдайды жасауға барынша атсалысады деп ойлаймын.
Бүгінгі күні дәріханалардағы сұраныстың бірі - арнайы бетперделер. Осы орайда, бұған дейін ерлер жейдесін шығарумен танымал болған " Dalatex" ЖШС тігін фабрикасында болып, жұмысымен таныстым. Фабрика тәулігіне 10 мың дана бетперде тігуде. Өнім Қызылордадан бөлек, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жөнелтіледі. Келесі аптаның басында тиісті аппарат сатып алып, медициналық стандарттарға сай бетперделер шығаруды жоспарлауда.
Осындай күрделі кезеңде Сыр халқының ауызбіршілігі бұрынғыдан да нығайып, қиындықтың барлығын бірлікте жеңіп шығамыз деп сенемін!",- деді облыс әкімі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845415-kyzylorda-oblysyny-kimi-birkatar-sauda-nktelerin-aralap-sykty/