RU

Қазақстандықтар төтенше жағдай режимінде қалай өмір сүреді

Бүгін, 15 наурыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгенін жариялады. Қазақстандықтар ТЖ кезінде қалай өмір сүреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар ТЖ режимінде қалай өмір сүреді
Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images: UGC

Төтенше жағдай режимі елде сыртқы немесе ішкі қатерден қорғау және осы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау үшін енгізіледі.

Қазақстанда ТЖ режимі кезінде:

  • қоғамдық тәртіпті және аса маңызды стратегиялық объектілерді қорғау күшейтілетін болады;
  • сауда үйлері, ірі дүкендер, сауда нысандары осы режим кезінде жұмысын тоқтатады;
  • кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің жұмысына тыйым салынған,
  • адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынады;
  • карантин енгізіледі;
  • барлық іс-шаралар, соның ішінде отбасылық мерекелерге тыйым салынған
  • елге кіру және одан шығу шектеу қойылды
  • Қазақстанда ТЖ режимі бір айға созылады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда елімізде COVID-19 коронавирусты жұқтырудың 8 оқиғасы тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845475-kazakstandyktar-tz-reziminde-kalaj-mir-sredi.html