Қазақстандықтар төтенше жағдай режимінде қалай өмір сүреді
Опубликовано:
Бүгін, 15 наурыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгенін жариялады. Қазақстандықтар ТЖ кезінде қалай өмір сүреді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдай режимі елде сыртқы немесе ішкі қатерден қорғау және осы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау үшін енгізіледі.
Қазақстанда ТЖ режимі кезінде:
- қоғамдық тәртіпті және аса маңызды стратегиялық объектілерді қорғау күшейтілетін болады;
- сауда үйлері, ірі дүкендер, сауда нысандары осы режим кезінде жұмысын тоқтатады;
- кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің жұмысына тыйым салынған,
- адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынады;
- карантин енгізіледі;
- барлық іс-шаралар, соның ішінде отбасылық мерекелерге тыйым салынған
- елге кіру және одан шығу шектеу қойылды
- Қазақстанда ТЖ режимі бір айға созылады.
Естеріңізге сала кетейік, 15 наурызда елімізде COVID-19 коронавирусты жұқтырудың 8 оқиғасы тіркелген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845475-kazakstandyktar-tz-reziminde-kalaj-mir-sredi/