RU

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде тойлар мен садақаға тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ертеңнен бастап Қазақстанда ТЖ режимі жұмыс істей бастайды, ол ел аумағында , 15 сәуірге дейін бір ай жалғасады. Осыған байланысты елімізде жаппай іс- шараларға тыйым салынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде тойлар мен садақаға тыйым салынды

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирустың таралуына қарсы күрес шаралары туралы бүгін белгілі болды. Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін енгізу туралы Қаулыға қол қойды.

Президент баспасөз хатшысы өзінің Facebook-парақшасында жазба жариялады, онда енгізілген режимнің нені білдіретінін түсіндірді.

Мемлекетте спорттық, мәдени, көңіл көтеру секілді жаппай іс-шараларға тыйым салынды.

Берік Уәли отбасылық отырыстарға шектеу қойылғаны туралы жазды. Яғни, бұл тойлар мен мерейтойлар өткізуге тыйым салынды дегенді білдіреді.

Бұған дейін вице-премьер қазақстандықтарға отбасылық мерекелерді кейінге қалдыру туралы өтініш айтып, өндеу жолдаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай енгізілуде. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Еске салсақ, 15 наурызда елімізде COVID-19 коронавирусты жұқтырудың 8 оқиғасы тіркелген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың төтенше жағдай режимінде қалай өмір сүретінін туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда төтенше жағдай кезінде тойлар мен садақаға тыйым салынды
Mailfire view pixel