jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде 12 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

    : UGC

    Қазақстанда алғаш рет баладан коронавирус табылды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    жетіс
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарынша, 15 наурыз күні Алматыда COVID-19 жұқтырудың жаңа үш дерегі тіркелген.

    Айта кетсек, инфекция жұқтырған үш адамның бірі - мектеп оқушысы болып шықты.

    Ол 2008 жылы өмірге келген қыз бала. Ал Алматыға Германиядан ұшып келген.

    Жасөспірімнің вирусты кімнен жұқтыруы мүмкін екені әзірге белгісіз. Сондай-ақ оның денсаулық жағдайының қандай екені де хабарланбады.

    Осылайша, қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны тоғызға жетіп отыр. Оның екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында станционарлық ем қабылдап жатыр.

    Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

    Сонымен қатар Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі төтенше жағдай кезінде елімізде сауда орындары мен дүкендер жұмыс істей ме деген сауалға жауап берді. Ведомствоның хабарлауынша, азық-түлік маркеттері өз жұмысын жалғастыра бермек.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Елімізде 12 жастағы жасөспірімнен коронавирус анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.