RU

Төтенше жағдай: Қазақстан мешіттерінде жұма намазы оқылмайтын болды

Рассказать Вконтакте

Бүгінде COVID-19 жұқпалы дерті әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Күні кеше коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі коронавирус таралуының алдын алу шарасына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

Фото: © Sputnik / Михаил Воскресенский

Фото: © Sputnik / Михаил Воскресенский

Ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді.

Осыған байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдейді:

Біріншіден, мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді.   

Екіншіден, мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.

Үшіншіден, мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады.

Төртіншіден, жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізген дұрыс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла Тағалаға дұға етуге шақырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төтенше жағдай: Қазақстан мешіттерінде жұма намазы оқылмайтын болды
Mailfire view pixel