Выйти
RU

"Кептеліс жоқ, көшеде адам аз": ТЖ режимінде елордадағы өмір қалай өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ТЖ режимі ресми түрде іске қосылғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы қозғалыс қалай өзгергенін баяндады. Ол елорданың бүгінде қандай күй кешіп жатқанын арнайы бақылаған соң өз оқырмандарына сипаттап берді. БАҚ өкілінің сөзінше, қазіргі таңда еліміздің бас қаласының көшелерінде адам қарасы мүлдем аз деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ләйлә Сұлтанқызы ресми карантин режимі енгізілген соң, елорданың қандай кейіпке енгенін өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші бірден көзге түсетін негізгі өзгерістерді тізіп шыққан.

"Ауруханада орын жетеді. Бірақ, сақтанғанды Құдай сақтайды" , - дейді президент өз үндеуінде. Тоқаевтың айтқанын оқып та, көріп те үлгерген шығарсыздар. Азық-түлікке қатысты, дәрі-дәрмекке қатысты, қысқасы, естігіміз келген дүниенің біразын айтты ғой.

Ал енді ресми карантиннен кейінгі Нұр-Сұлтанның бүгінгі күйін суреттеп берейін:

  • Сол жағалау. Кептеліс жоқ. Көлік жүргізушілері мәз. Ботаникалық саябақта қыдырып жүрген ана да, бала да жоқ. Оң жағалаудың да оңып тұрғаны шамалы.
  • Адамдардың көңіл-күйі орташа. Астанаға тән емес +5 пен күн жылы болса да, жайдары жүрген адам аз.
  • Қазмедиада адамдар көбіне «күңгірт» түсті киім киген, көктемнің ашық түстерін байқамайсың.
Көбінің көзінен: «Қасарсып, доллардың да қазір өскенін қараш(ы), ешнәрсе қымбаттамаса екен, баға өспесе екен», - дегенді байқауға болады" , - деп жазды Сұлтанқызы.

Оған қоса, тележүргізуші азық-түлік бағасын да арнайы біліп қайтқан.

Оның айтуынша, осы сәтті пайдаланып, азық-түлік бағасын өсіргендер жауапқа тартылатыны айтылғанымен, бұл жағдай әзірге өзгеріссіз қалуда.

"Бардым базарға. Қиярдың келісі 1800 теңге, макарон 449 теңге, 75 теңге тұрған бөлке нан 110 теңге, 550 теңге тұрған айран 650 теңге болып кеткен. Бұл мысалдардың бергі жағы ғана. Неге баға өсуде? Менің бар уайымым: түсірілімнің барлығын шегерді, ал алдағы КПН, салық, кредит, қызметшілердің жалақысы т.б. не болады?
Мен сияқты осының бәрін ойлаған халықта қайдан көңіл-күй болсын?! Айтпақшы, маска кигендер жарайды, баршамыз барынша киіп жүрміз. Медициналық қолғаппен жүргендерді көріп, шошыдым. Бірақ, ол да дұрыс шығар" , - деді тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желі арқылы ТЖ режиміне наразылық білдіргендерге жауап берген болатын. Ол бір айды да пайдалы етіп өткізуге болатынын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Кептеліс жоқ, көшеде адам аз": ТЖ режимінде елордадағы өмір қалай өзгерді