Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті

Жарияланған күні:

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден: UGC

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Осыған дейін Алматыдағы үш жағдайдан хабардар еткенбіз. Енді Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді.
Бұл науқастар карантинге жатқызылған, сонда диагнозы расталды. Барлық байланысқан адамдар анықталды, оларды карантинге жатқызу және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деді министр.

Осылайша, Қазақстанда қатерлі дертке шалдыққандар саны 27- ге жетті.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ал әлем бойынша бүгінгі күні қауіпті вирусқа шалдыққандардың саны 180 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845829-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-27-ge-zetti/