RU

Алматыда коронавирус салдарынан қоршауға алынған тұрғын үй ауласында не болып жатыр (фото)

Алматыда COVID-19 инфекциясының анықталуына байланысты бірнеше тұрғын үйлер мен олардың аулалары қоршауға алынған. Осы орайда біздің тілшілерміз сол тұрғын үйлердің біріне барып мән-жайды бақылап қайтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың салдарынан қоршауға алынған Алматы көшелерінің жағдайы қандай
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қаладағы қоршауға алынған үйлердің бірі Жароков көшесіндегі №16 тұрғын үй. Бұл жердегі балалар алаңы қоршауға алынған. Ал тұрғын үйді Ұлттық гвардия қызметкерлері бақылауда.

Коронавирустың салдарынан қоршауға алынған Алматы көшелерінің жағдайы қандай
Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Көрші үйдің тұрғыны қоршауға түспейтін спорт алаңын дезинфекциялауды сұрап отыр. Оның айтуынша, балалар алаңының дезинфекцияланғанын осы уақытқа дейін көрмеген.

Бұл үй тиесілі пәтер иелерінің кооперативі ауланың муниципалды аумақ болып табылатынын және олар оны дезинфекциялауға жауап бермейтінін хабарлаған.

Коронавирустың салдарынан қоршауға алынған Алматы көшелерінің жағдайы қандай
Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

ПИК өкілі тұрғындардың өздері дезинфекциялауға келіскен фирманы тапқанын айтты. Алайда олар қалаға кіруге рұқсат алмаған екен.

"(Хлорлауға - ред.) келіскен фирманы таптық, алайда олар қала сыртында орналасқандықтан қаланың ішіне кіруге рұқсат алмады", - дейді ПИК-те.

Ол дезинфекциялау жұмыстарының қашан басталатынын білмейтінін алға тартты.

Коронавирустың салдарынан қоршауға алынған Алматы көшелерінің жағдайы қандай
Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Сондай-ақ, тұрғын өзі тұратын тұрғын үйдің де қоршауға алынуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, кешке немесе түнде медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырған адамды алып кеткен. Содан кейін қоршау пайда болған.

16-үйдің тұрғыны кіреберістен шықпақ болған, алайда бақылау пункті оны өткізбей қойған.

Коронавирустың салдарынан қоршауға алынған Алматы көшелерінің жағдайы қандай
Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ал Ұлттық гвардия қоршалған аймаққа азық-түлік пен су әкелуде. Айта кету керек, қоршау аумағында дүкен немесе дәріхана жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ Алматыда коронавирусқа байланысты тағы бір үйдің қоршауға алынғанын, ол Жароков көшесінде орналасқанын хабарлаған.

Коронавирустың салдарынан қоршауға алынған Алматы көшелерінің жағдайы қандай
Фото: KAZ.NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846459-almatyda-koronavirus-saldarynan-korsauga-alyngan-trgyn-j-aulasynda-ne-bolyp-zatyr-foto.html