RU

Тоғжанов коронавирус жайлы: Қозғалыс аз болған сайын вирустың тарауы да азаяды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ұлттық телевизия эфирінде брифинг өткізді. Оның айтуынша, үкімет коронавируспен күресте "қозғалыс аз болған сайын вирустың тарауы да азаяды" ұранын ұстанады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоғжанов коронавирус жайлы: Қозғалыс аз болған сайын вирустың тарауы да азаяды

Ералы Тоғжанов

Вице-премьер брифинг барысында Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы науқастар жайлы сөз етті. Коронавирусты таратпау мақсатында қос қала да 22 наурыз күні толықтай жабылады.

Тоғжанов жүк көліктерін қоспағанда, қалаға пойыздар мен ұшақтар және өзге де көліктер кіре алмайтынын еске салды.

Бұған дейін хабарланғандай, пойыздар 22 наурыздан бастап осы қалалар арқылы тек транзитпен елордаға кірмей-ақ жүре алады.

Қос қаланың әуежайлары арқылы тек жүк және транзиттік халықаралық ұшақтар "өте алады".

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылған болатын.

Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың кіреберісіне қойылған блок-бекеттердің жұмысымен танысып, карантин енгізудің себептерін түсіндірді.

"Қазіргі жағдайда карантин енгізбесе болмайды. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Мұндай кезде нақты әрекет жасап, ұйымшылдық таныту керек. Сондықтан карантин енгізу сияқты тәсілдерді қолдануға тура келеді. Азаматтарымыз қабылданған шараларға түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мұның бәрі халқымыздың денсаулығын сақтау үшін істеліп отыр", – деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоғжанов коронавирус жайлы: Қозғалыс аз болған сайын вирустың тарауы да азаяды
Mailfire view pixel