Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин өз күшіне енді

Опубликовано:

19 наурыз күні түн ортасында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жұмыс істей бастады. Қаланың кіру және шығу бөлігі жабық. Көшелерді әскерилер мен Ұлттық гвардия сарбаздары күзетуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин өз күшіне енді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қаладан шығатын жолдарда бөгеттер тұр, барлық келушілер тепловизорлармен тексеріледі. Алматы полициясы басшысының сөзінше, адамда жоғарғы дене қызуы анықталса, ол қалаға кірмейді.

Айта кету керек, карантин кезінде қалалардан кіру және шығу бөліктері жабық болғанына қарамастан, кей адамдарға бұл шектеулердің қатысы жоқ.

Карантин кезінде мейрамханалар, дәмханалар және басқа да қоғамдық тамақтану орындары өз жұмысын тоқтатады. Алайда қала билігі қала тұрғындарын қолдау үшін мекеме басшыларынан тамақты үйге жеткізу қызметін іске қосуды сұрады.

Нұр-Сұлтаннан шығу жолында да бөгеттер орнатылды. Полиция олардың орналасуы ретін жариялады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846208-almaty-men-nr-sltanda-karantin-z-ksine-endi/

pixel