Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы медицалық бетперде мәселесін көтерді

Жарияланған күні:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтіндігін мәлімдеді деп хабарлайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram
"Бізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтіндігін атап айтқым келеді. Бірақ қағаз жүзінде бәрі жеткілікті. Бір жағынан халық дәріханаларда бетперделердің әлі де жоқ екенін айтып шағымдануда. Неге? Бұл алыпсатарлық деп ойлаймын, - деді ол.

Мемлекет басшысы халықты бетперделермен жедел қамтамасыз етуді талап етіп, еліміздің барлық азаматтарын үнемі антисептиктерді пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.

"Біз барлық қалалардағы негізгі көшелерде азаматтарымызға тегін маска тарата алатындай болуымыз керек. Бұл Үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндет, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның 160-тан астам елге таралғанын атап өтіп, шекаралас мемлекеттердің Үкіметтерімен іс-қимылдарды үйлестірудің маңыздылығына назар аударды.

"Соңғы бірнеше күнде Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның Президенттерімен сөйлестім. Негізінен біз Үкіметтеріміздің тығыз ықпалдаса жұмыс істеуі керектігі жайында әңгімелестік. Бұл ортақ мәселе болғандықтан бірлескен жұмыстарды арттыра түсуіміз керек. Бірлесе әрекет еткен жөн", - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті елімізде карантин режимін сақтаудың маңыздылығына тоқталып, барлық азаматтарды, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілерді белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істеуге шақырды.

"Бақылау-өткізу бекеттерін қойғанымыз әзіл немесе қойылым емес. Карантин режимін қатаң сақтамай, біз бұл бағытта ешқандай табысқа қол жеткізе алмаймыз. Біз карантин жағдайын қатаң сақтауға тиіспіз", – деді президент.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1846714-memleket-bassysy-medicalyk-betperde-mselesin-kterdi/