RU

Алматыда коронавирус жұқтырған 26-шы адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның оңтүстік астанасында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Бұл Алматы қаласы бойынша тіркелген 26-шы оқиға болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

23 наурыз күні оңтүстік астанада тағы бір адамның коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Бүгінде Алматы қаласы бойынша COVID-19 вирусына шалдыққандардың саны 26-ға жеткен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазіргі таңда, инфекцияны жұқтырғандардың көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан бірінші орында келе жатыр. Елордада коронавирус 31 адамнан табылды. Ал Қарағандыда жұқтырудың екі фактісі тіркелсе, Ақтөбе мен Алматы облыстарында бір-бір оқиғадан бар.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған науқасқа қатысты тың деректер жарияланды. Белгілі болғандай, аталмыш өңірден вирусқа шалдыққан әйел адам болып шықты. Ол Мәскеуден кеше кешкі уақытта ұшып келген.

Оған қоса, келіншекпен байланыста болған 68 адам бүгінде карантинге жатқызылды.

Әлем бойынша вирусты жұқтырғандардың саны 337 мыңнан асып кетті. Бүгінгі күні COVID-19-ға қатысты Италия мемлекетінің жағдайы қиын болып тұр. Олар коронавирустан қазақ тапқандардың көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус жұқтырған 26-шы адам тіркелді
Mailfire view pixel