RU

Тағы 7 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны сексенге жуықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 25 наурыз күні, таңғы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы жеті адам туралы мәлімет тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тағы 7 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны сексенге жуықтады

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомство мәліметінше, қауіпті індетке тап болған жеті адамның екеуі Алматыдан, ал бесеуі Нұр-Сұлтан қаласынан анықталған.

Сонымен, бүгінгі таңда елімізде коронавирус жұқтырудың 79 дерегі тіркеліп отыр.

Олардың ішінде елордамызда 41, Алматыда 31, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Шымкент қаласында – 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам осы дертке шалдыққан.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 7 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны сексенге жуықтады
Mailfire view pixel