RU
Денсаулық
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Екі қазақстандық азамат коронавирустан жазылып шықты

Жарияланған күні:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ертең, 26 наурызда, бұған дейін коронавирус диагнозы қойылған екі науқас ауруханадан шығарылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

абаев
Дәурен Абаев: UGC
"Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Бұйырса, ертең ауруханадан шығады.

Бұл біздің дәрігерлеріміз жеткен бірінші және соңғы жеңісіміз емес.

Биліктің атынан барша ақ халатты жандарға, денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне ерен еңбектері үшін алғыс айтқымыз келеді. Кез келген кәсіби маман үшін өз жұмысының жемісін көру маңызды", - деді министр.

Айта кетерлігі, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 80 дерегі тіркелді.

Олардың соңғысы Шымкент қаласында анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1847115-eki-kazakstandyk-azamat-koronavirustan-zazylyp-sykty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 1

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Әділаты

Билік өте керемет жұмыс жасап жатыр👍👍

Comment reaction
jitsu gif