jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Қорқатын ештеңесі жоқ": Коронавирус анықталған екі адаммен бір бортта келген журналист карантин жайлы айтты

    : Instagram

    Коронавирус анықталған екі адаммен бір бортта келген журналист карантиндегі жағдайдың қандай екенін айтып берді. Ғазиза Райымбектің сөзінше, карантиннен қорқудың қажеті жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасына сілтеме жасап.

    карантинде
    Ғазиза Райымбек медициналық маскада. Видеодан кадр: Basty Prime: Instagram

    16 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшақта коронавирус анықталған екі адаммен бірге келген журналист Ғазиза Райымбек 1 аптадан бері карантинде жатыр.

    Оның алғашқы сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Десе де ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Журналистің сөзінше, ауру белгісі анықталмағандықтан ол ешқандай ем қабылдап жатқан жоқ.

    "Ноутбугім қасымда, интернет, вайфай бар, жұмысымды атқарып отырмын. Далаға, ешбір жерге бізді шығармайды. Тамақтары жақсы, төсек-орындары таза, екі рет дезинфекция жүргізеді, ұйықтап аламыз. Кішкентай бөлмеде отырамыз, үйреніп қалдық", - дейді ол.

    Сондай-ақ журналист қыз жұртшылықты карантиннен қорықпауға шақырды. Сөзінше, мұндағы ақ халаттылар науқастарға жақсы қарайды.

    "Карантиннен қорқатын ештеңесі жоқ, дәрігерлер жақсы қарап жатыр. Бастапқыда түскенде стресс болдым, психолог-дәрігерлер менімен сөйлесіп, қазір өзімді жақсы сезінемін", - дейді Ғазиза Райымбек.

    Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 97 адамнан коронавирустың инфекция анықталды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Қорқатын ештеңесі жоқ": Коронавирус анықталған екі адаммен бір бортта келген журналист карантин жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.