Выйти
RU

"Байлығымды таптым": Айгүл Иманбаева жеті жылдан кейін әкесімен қайта қауышты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әкесімен араласпай кеткен Айгүл Иманбаева араға жеті жыл салып, онымен қайта кездесті. Өнер иесі соңғы сұхбатында әкесімен ұзақ жылдарға байланысын үзгенін айтып, оған деген өз сағынышын білдірген болатын. Ішіндегі жан сырын ақтара жылаған әншінің сөздері әке жүрегін жібіткен көрінеді. Аталмыш сұхбаттан кейін олар ренішін ұмытып, татуласқандарын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Иманбаева әкесімен қайта табысуына өзімен тілдескен журналист Аман Тасығанның септігі мол болғанын жасырмады. Әкесі мен қызы оған әсерлі кездесуінен видео жіберіп, өз алғыстарын білдірген.

Белгілі журналист аталмыш бейнежазбамен Instagram парақшасында бөліскен. Онда қуанышы қойнына сыймай тұрған эстрада жұлдызы әкесіне еркелеп отырғанын байқауға болады.

"2013 жылы «Айтылмаған әңгіме» ток-шоуында «Қордайдан шыққан ханшайым» атты Айгүл Иманбаеваға арналған бағдарлама болды. Бағдарлама барысында енді жақындасып келе жатқан әке мен қыздың арасын абайсызда алшақтатып алған едік. Сол жылдардан бері менің де санамда сан сұрақ жүрді.
Арада жеті жыл өткен соң, «TalkLike» жобасында Айгүл Иманбаевамен сәті түскен сұхбат кезінде байқамай үзіп алған қатынасты байқамай жалғап жібердік. Сұхбат барысында соғылған қоңыраудан кейін, әке мен қыз кездесіп сағаттап сырласыпты. Әкені жоғалтудың қаншалықты қиын екендігін «TalkLike» жобасындағы Айгүлдің сұхбатын көрген адам түсінеді. Ардақты Айгүл Иманбаева, бар байлығыңды енді жоғалтып алмашы" , - деп жазды Аман Тасыған.

Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева әкесімен араласпай кеткенін ашып айтып, оны қатты сағынып жүргенін жеткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Байлығымды таптым": Айгүл Иманбаева жеті жылдан кейін әкесімен қайта қауышты (видео)