Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді

Опубликовано:

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 121- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында 48, Қарағанды қаласында 4, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1, Жамбыл облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Ақмола облысында - 1 адам - жалпы 121 науқас тіркелді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыда 7 жаңа дерек тіркелген еді.

Күні кеше коронавирустан айыққан екі қазақстандық ауруханадан шықты. Сондай-ақ, 26 наурызда елімізде COVID-19 инфекциясынан болған алғашқы адам өлімі тіркелді.

Айта кетейік, дүние жүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 526,6 мыңнан асып кетті.

Онлайн режимде әлемдегі коронавирус жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін worldometers.info сайты ақпаратына сәйкес, АҚШ инфекция жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шықты.

Штаттарда COVID-19 инфекциясы ресми түрде 83,6 мыңнан аса адамнан расталған. Тек бір тәулікте коронвирусқа шалдыққандар саны 15 мыңға артқан, осы уақыт аралығында 182 адам қайтыс болған.

Коронавирустан көз жұмғандар Италияда көп тіркелген. Осыған дейін туристердің сүйікті елінде 8 мыңнан аса адам қайтыс болды. Соңғы 24 сағатта 712 қайғылы жағдай тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847427-almatyda-koronavirus-zktyrgan-tagy-bir-adam-tirkeldi/

pixel