Выйти
RU

COVID-19: Бірде-бір науқас тіркелмеген Қостанай облысы 31 наурызда жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 29 наурыз күні елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 271-ге жетті. Қазақстанда қауіпті індет дерегі тек екі өңірде, Қостанай және Түркістан облысында тіркелген жоқ. Коронавирустың алдын-алу мақсатында Қостанай облысы 31 наурыздан бастап өз есігін жаппақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Айта кетейік, коронавирустық инфекцияға байланысты Қарағанды, Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау қалаларына 2020 жылғы 30 наурыздан бастап карантин енгізіледі.

Сондай-ақ, Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29 наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады.

"Коронавирустың таралуына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, ертең Атырау қаласына кіруге және одан шығуға, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытына шектеулер қойылады. Қызмет көрсету секторының қызметі (сұлулық салондары, моншалар және т.б.) Жабық құрылыс базарлары, сауда орталықтары мен маңызды тауарларға қатысы жоқ сауда нүктелері, тауарларды жеткізу арқылы сату мүмкіндігін сақтай отырып қызметін тоқтатады.
Балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Азық-түлік базарлары мен дүкендер, дәріханалар жұмыс істейді. Коммуналдық қызметтер, жөндеу қызметтері, тазалау және зарарсыздандыру қызметтері шектеусіз жұмыс істейді. Толығырақ бүгін жарияланады. Барлық жұмыстарды облыстық штаб үйлестіреді, әкімдіктер онлайн режимінде қол жетімді. Әлеуметтік желілердегі азаматтардың барлық өтініштері бақыланады, жауаптар 109 сенім телефоны арқылы беріледі",- делінген хабарламада.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Бірде-бір науқас тіркелмеген Қостанай облысы 31 наурызда жабылады