Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадан Атырауға пойызбен келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 6 адамға қатысты жаңа дерек шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы анықталған 6 пацинеттің екеуі – 25 және 50 жастағы әйел адамдар. Олар 21 наурыз күні "Нұр-Сұлтан-Атырау" бағытындағы пойызбен келген.

Тағы екі адам - "Алматы-Атырау" әуе рейсіндегі 14 жастағы қыз баламен байланыста болғандар. Олар – 21 жастағы қыз бен жігіт, екеуі де студенттер.

Соңғы екі пациент – Атырау қалалық №3 емханасының медицина мамандары.

46 және 47 жастағы қызметкерлер вирус жұқтырған әйел адаммен байланыста болған.

Ведомство хабарлауынша6 қазіргі уақытта пациенттер оқшауланып, ем қабылдап жатыр.

Олармен қарым-қатынас болған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 284-ке жетті. Олардың 12- і Атырау облысында.

Айта кетейік, Атырау қаласы бүгіннен бастап карантиге жабылды. Оған сәйкес, Атырау қаласына кіруге және одан шығуға, сонымен қатар қоғамдық көліктерде жұмыс уақытына шектеулер қойылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847837-elordadan-atyrauga-pojyzben-kelgen-eki-zolausydan-koronavirus-anyktaldy/

pixel