Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 284-ке жетті
Опубликовано:
COVID-19 инфекциясы анықталған тағы бір адам Ақтөбе облысында тіркелді. Соңғы деректерге сәйкес,осылайша ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 284-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам.
Жалпы пациент саны 284 адам.
Еске сала кетейік, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылады. Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді.
31-ші наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынады.
Айта кетейік, 19 наурыздан бастап еліміздің ең ірі екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын.
Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 28 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары күшіне енді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847801-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-284-ke-zetti/