Выйти
RU

Карантин кезінде жұмысқа баратындар өзімен бірге қандай құжат алып жүру керек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде күшейтілген карантин режимі кезінде жұмысқа баратын азаматтар өзімен бірге қандай құжат алып жүруі керек? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, күшейтілген карантин режимінде жұмысқа баруы керек қызметкерлер өздерімен бірге өзі жұмыс істейтін ұйымның мөрі басылған және басшысының қолы қойылған анықтаманы алып жүруі міндетті.

Одан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің де қандай құжатпен жүруі тиіс екені белгілі болды.

"Журналистер өзімен бірге жұмыс істейтін ұйымның мөрі қойылған анықтама мен қызметтік куәлік ұстап жүруі тиіс", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылады. Ал Ақтау қаласында бірқатар шектеулер күшіне енеді.

31-ші наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынады.

Ал 19 наурыздан бастап еліміздің ең ірі екі қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылған болатын.

Ал еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 28 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары күшіне енді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде жұмысқа баратындар өзімен бірге қандай құжат алып жүру керек