Ақтау қаласы карантинге жабылады
Опубликовано:
Ақтау қаласы коронавирус инфекциясына байланысты 30 наурыздан бастап карантинге жабылады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб мәліметінше, Ақтау 30 наурыздан бастап карантинге жабылады.
- 30 наурыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысының эпидемияға қарсы режимі бекітіледі - 19:00-ден 08:00-ге дейін.
- Тұрғындардың пәтерден шығуы (дүкен, дәріхана, қоқыс шығару, жұмысқа барудан басқа), көрші-қолаң, туған-туыс, әріптестердің және тағы басқа адамдардың келуі шектеледі.
- Азаматтардың қоғамдық орындарда жүруін шектеу тапсырылды: саябақтарда, скверлерде, балалар және спорт алаңдарында.
- Теміржол, әуе және автовокзал ғимараттарына жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектеледі.
- Облыстың полиция департаментінің қызметкерлеріне карантин аймағын толығымен қоршауға алып, Ақтау аумағына жаяу кіруге жол бермеу тапсырылды.
Еске сала кетсек, елімізде екі қала – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылған.
Одан бөлек, Шымкентте бір аудан карантинге жабылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847695-aktau-kalasy-karantinge-zabylady/