Выйти
RU

Тоқаев Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын, сыншы Аманхан Әлімнің қазасына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аманхан Әлім. Фото: adebiportal.kz

Аманхан Әлім. Фото: adebiportal.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Ақын, сыншы, әдебиетші, публицист Аманхан Әлімнің қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.
Аманхан Әлімұлы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі еді. Сонымен қатар ол отандық журналистиканың дамуына да өлшеусіз үлес қосты. Қатардағы тілшіден бас редакторлыққа дейінгі жолдың бәрінен өтті. Ол ұлттың өсуіне, әдебиеттің дамуына кедергі болатын кері әрекеттердің барлығын сын садағына ілді.
Аманхан Әлім қазақ руханиятының көкжиегін кеңейту үшін ақиқаттан айнымаған қайраткер қаламгер еді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!", – делінген көңіл айту жеделхатында.

Еске сала кетейік, бүгін "Ақиқат" журналының бас редакторы, алаштың арда ақыны Аманхан Әлімұлының өмірден өзғанын хабарлаған едік.

Аманхан Әлімұлы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Алаш" Халықаралық сыйлығының лауреаты.

Ол Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық A.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген.

Республикалық басылымдарда қызмет атқарған. Ақын "Кездесу" (1983), "Жанымның жапырағы" (1989), "Ай нұры алақанымда" (1996) жыр жинақтарының авторы.

Аманхан Әлімұлы 2019 жылы Арыс қаласының "Құрметті азаматы" атанған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Аманхан Әлімнің отбасына көңіл айтты