Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

Опубликовано:

"Ақиқат" журналының бас редакторы, алаштың арда ақыны Аманхан Әлімұлы өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Түркістан газеті
Фото: Түркістан газеті: Instagram

Қазақтың бір туар азаматының қазаcы туралы Facebook желісіндегі парақшасында Амангелді Кеңшілікұлы жазды.

"Баладай аңғал, жүрегі жұмсақ, оқымаған кітабы жоқ, телефонмен сағаттап сырласатын Аманхан көкем де өмірден өтіпті. Әкеммен достығын мақтан тұтатын. Жалған дүние-ай!
Бәрінен де бұрын соңғы рет сізбен қоштасып, басыңызға бір уыс топырақ та сала алмайтыным менің жанымды қинайды. Иманыңыз саламат болсын!", - деді ол.

Айта кетейік, Аманхан Әлімұлы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "Алаш" Халықаралық сыйлығының лауреаты.

Ол Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық A.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген.

Республикалық басылымдарда қызмет атқарған. Ақын "Кездесу" (1983), "Жанымның жапырағы" (1989), "Ай нұры алақанымда" (1996) жыр жинақтарының авторы.

Аманхан Әлімұлы 2019 жылы Арыс қаласының "Құрметті азаматы" атанған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847863-belgili-akyn-amanhan-limly-mirden-ozdy/

pixel