Выйти
RU

Алматыда коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыратыны рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Төтенше жағдайға байланысты Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеу кейінге шегерілді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл жөнінде Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әкімдік қала тұрғындарын қолдау бойынша бірқатар шараларды қабылдаған.

"Сумен жабдықтау және су тарту қызметтеріне ("Алматы Су" МКК), жылу және ыстық сумен жабдықтауға ("Алматы жылу желілері" ЖШС) және электр энергиясына ("Алматыэнергосбыт" ЖШС), газбен жабдықтау ("ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы) және телефон байланысына ("Алматытелеком" АТД) төлем жасауды кейінге қалдырылды",– деді Отыншиев.

Ведомство басшысының орынбасары бұл бастаманы лифт ұйымдары да қолдағанын жасырмады. Олар қала тұрғындарына айыппұл санкцияларын қолданбай, екі айға (наурыз, сәуір) төлемді кейінге қалдырған.

"Тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау қорынан аула сыпырушылардың, клинингтік компаниялардың еңбекақысы, авариялық қызметтердің, лифтілер мен көтергіштер сияқты қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін ұйымдардың шақырулары, сондай-ақ кондоминиумның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ортақ мүлікті қауіпсіз пайдалану, онда тиісті тәртіпті сақтау, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық ылғалды тазалау үшін қажетті басқа да шығындар төленеді",– деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сондай-ақ Отыншиев, бұл ретте, басқару органдарына төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде жарналарды кейінге қалдыруды көздей отырып, күрделі жөндеуге жарналар жүргізуге мүмкіндігі жоқ меншік иелеріне айыппұл санкцияларын қолданбауды ұсынатынын айтты.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша қарызды өтеуге арналған төлемдерге қатысты меншік иелері де карантин уақытында төлемдердің мерзімін ұзарта алады. Төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда айыппұл санкциялары қолданылмайды",– деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирустың алғашқы екі оқиғасы 13 наурыз күні Алматыдан анықталды. Екі азамат оңтүстік астанаға Германиядан ұшып келген. Оған қоса, инфекция дәл сол күні Миланнан Нұр-Сұлтанға келген келіншектен табылғаны белгілі болды.

Кейін қауіпті вирусты жұқтырғандарды саны күн сайын көбейе түсті. Нәтижесінде президент елімізге 16 наурыз күні сағат 8:00-ден бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жариялады. Бұл режим инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған бірқатар шектеу шараларын қамтыды.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусына шалдыққандардың саны 27 адамға жеткенде қос қалаға карантин енгізу шешімі қабылданды. Аталмыш режим 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап күшіне енді. Оған сәйкес, ірі мегаполистерге кіріп-шығу мәселесі шектелді. Алайда, ел тұрғындарына 22 наурызға дейін өз қалаларына қайтып үлгеруге 72 сағат берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыратыны рас па