Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Getty Images / Bloomberg: Facebook

Екі Қазақстан азаматынан коронавирус табылғанын еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында хабарлады.

"Біз үш ай бойы коронавирус елімізге кірмеуі үшін онымен барынша күрестік. Кіруіне жол бермей және таралуына қарсы тұру үшін барлық шараларды қабылдадық. Өкінішке қарай, растауға мәжбүрмін", - деді Біртанов.

Азаматтар Алматыдағы инфекциялық станционарда оқшауланған.

Министрдің мәліметінше, олар Германиядан оралған. Науқастарда клиникалық белгілер жоқ. Олар өздерін жақсы сезінеді.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясын пандемия деп танығаннан кейін, билік аурудың елімізде таралуына жол бермес үшін коронавирустың алдын алу шараларын күшейте түсті.

Мемлекет басшысы халыққа тағы да мәлімдеме жасап, елде барлық қоғамдық іс-шаралардың уақытша тоқтатылатынын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845254-kazakstanda-eki-azamattan-koronavirus-anyktaldy/

pixel