Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 500 теңге әлеуметтік төлемді Telegram арқылы қалай алуға болады

Жарияланған күні:

Мемлекет басшысы 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырғанын, енді бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болатынын мәлімдеген еді. Аталған төлемді алудың оңтайлы тәсілі қарастырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан Telegram бот арқылы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, "EgovKzBot2.0" іздеп табу керек;

2-қадам: "Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу" қызметін таңдайды;

3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.

4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);

5-қадам: Ақпарат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін "Е-Макет" ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;

6-қадам: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;

7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.

Telegram-бот ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап жұмыс істей бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттен 42 мың теңге төлем алуға құқығы бар азаматтарға не істеу керектігін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848487-42-500-tege-leumettik-tlemdi-telegram-arkyly-kalaj-aluga-bolady/