jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында қолғап кимеген дүкен иесі үш күнге қамалды

    : Facebook

    Атырау облысында қолғап кимеген кәсіпкер 3 күнге қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Атырау облысында қолғап кимеген дүкен иесі үш күнге қамалды
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мобильді топ арнайы рейд барысында Исатай ауданының Аққыстау селосында төтенше жағдай талабы бұзылғанын анықтапты.

    Жеке азық-түлік дүкені бар кәсіпкер бір реттік медициналық қолғап кимей, келушілерге қызмет көрсеткен.

    "Осылайша, төтенше жағдай кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараның талабын бұзған. Құқық қорғау органдарының өкілдері кәсіпкерге қатысты хаттама толтырып, сотқа жолдады", -деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Исатай аудандық соты бұл істі 30 наурызда онлайн режимде қарады. Сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен 3 күнге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

    Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 386 науқас тіркелді.

    Сонымен қатар, 1 сәуір күні Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

    62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Атырау облысында қолғап кимеген дүкен иесі үш күнге қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.