Выйти
RU

Қазақстанда дәрігерлерге қосымша ақы төлеу үшін 40,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Министрлер кабинетінде экономикалық блокты басқаратын вице-премьер халық пен кәсіпті дағдарыс кезеңінде қолдау үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петер Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петер Карандашов

Әлихан Смайылов коронавирус инфекциясының тарауы мен экономикалық дамудың тежелуі ел экономикасына, азаматтарға және кәсіпке соққы әкелгенін айтты. Сондай-ақ, ол халық пен кәсіпке бюджеттен айтарлықтай қаражат бөлінетінін мәлімдеді.

Мәселен, жұмыссыздық мәселесін шешу үшін бюджеттен 300 млрд теңгемен "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы іске қосылады. Оның аясында өңірлерде 250 мың жұмыс орны құрылады.

"Бизнес жол картасын" жүзеге асыруға қосымша 84,5 млн теңге бөлінеді. Сондай-ақ, бизнеске кредиттер бойынша субсидиялар мен кепілдіктер беру жоспарлануда. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын құруға және 250 млрд теңгеден астам салық түсіміне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттары үшін азық-түлік-тұрмыстық жиынтығын ұсынуға 30,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл шара 2 млн-нан астам адамды қамтиды.

"Еңбек" бағдарламасына қосымша 50 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады. Бюджеттен дәрігерлерге қосымша ақы төлеу үшін 40,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны арттыруға, инфляция кезеңіндегі бағаның өсуіне және шетел валютасы бағамының өзгеруіне сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 315 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады. Бюджеттің кірістері бойынша шығындарды жабу және жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттің шығыстары 532 млрд.теңгеге оңтайландырылды.

Айта кетейік, бүгін, 2 сәуір күні Қазақстанның оңтүстік астанаcына Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет елімізге тепловизор, медициналық бұйымдар мен коронавирусқа қарсы тест жолдаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда дәрігерлерге қосымша ақы төлеу үшін 40,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек