Выйти
RU

Димаштың 14 жастағы жерлесі Ресейдегі "Голоc. Дети" байқауының финалына шықты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының тұрғыны, қазақстандық жас әнші Миржай Жидебай ресейлік шоудың кезекті турынан cүрінбей өтіп, "Голос. Дети" байқауының финалына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/Youtube/The Voice Kids Russia

Видеодан кадр/Youtube/The Voice Kids Russia

Миржан Жидебай ресейлік әнші Полина Гагаринаның тобында өнер көрсетті.

Ол басқа екі қатысушымен бірге "Замок из дождя" туындысын шырқады. Үш жас орындаушының ішінен кезекті турға Полина Гагаринаның шешімімен Миржан өтті.

Содан кейін байқау ережесіне сәйкес бес қатысушы кезекпен өздері дайындаған әндерін орындады. Қазақстандық өнер иесі Бейонстың "Listen" атты туындысын таңдады. Нәтижесінде, Миржан шоуда қалып, ән байқауының финалына шықты.

Айта кетейік, 14 жастағы Мейіржан Жидебай"Junior Eurovision Qazaqstan" музыкалық жобасының финалисті, сондай-ақ, "Baqytty bala" конкурсының бірінші дәрежедегі лауреаты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы "Голос. Дети" байқауына қазақтың талантты баласы Ержан Максимде қатысып, екінші орын алған болатын.

Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған ресейлік танымал әнші Алсудың қызына Микелла Абрамоваға бұйырған еді.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалар әділетсіздікке теңеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Кейін басы дауға қалған Бірінші арна байқаудың нәтижелерін жойып, ал шоудың арнайы шығарылымында финалистердің барлығы жеңімпаз деп танылып, бір миллион рубльге ие болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаштың 14 жастағы жерлесі Ресейдегі "Голоc. Дети" байқауының финалына шықты (видео)