Выйти
RU

Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің айлығы қысқарады ма: Министрлік жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова онлайн брифингте қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің жалақысы қалай болатынын түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оның айтуынша, қашықтықтан білім беру кезінде мұғалім аз жұмыс істемейді.

"Қашықтан білім беру жағдайында мұғалім жұмысты көп істемесе, аз істеп тұрған жоқ. Себебі, осыған дейін бір сыныптың ішінде оқушылармен жұмысты тиімді ұйымдастырған болса, қашықтан оқыту кезінде әр оқушымен жеке жұмыс істеп отыр.

Осыған сәйкес, оқытушының жұмысы азайған жоқ. Сондықтан сіздердің жалақыларыңыз толықтай сақталады", - деді білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова.

Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін Төтенше жағдай жарияланды.

Оған сәйкес оқушылар көктемгі демалысқа мерзімінен бұрын шығып, студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті.

Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінде оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

Алайда, елдегі коронавирусқа байланысты жағдайдың келешегін болжау қиын – егер күтпеген жайттар туындаса, оқу жылы ұзартылуы да мүмкін. Дегенмен, ведомство басшысы әзірге мұндай жоспарлар жоқ екенін кесіп айтты.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Сонымен қатар, министр биыл коронавирусқа байланысты ҰБТ кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қашықтан оқыту кезінде мұғалімнің айлығы қысқарады ма: Министрлік жауап берді