RU

Нұрымбетов: 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов онлайн брифингте 42 500 теңге алу үшін банктер арнайы есепшот ашуды талап ете алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Нұрымбетов 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашу міндетті емес екенін айтты.

"Банктер 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашуды талап етіп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Бұл – дұрыс емес. Бұл туралы қаржылық нарықты реттейтін агенттік барлық банктерге нұсқаулық беріп, талап қойды. 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ, ақша кез келген карточкалық есепшотыңызға аударылады және түскен ақшадан қарызды өтеуге, несие жабуға ақша ұсталмайды. Олай етуге банктердің құқығы жоқ", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

iHerb-тен өнім сатып алу арқылы өз ақшаңызды қалай үнемдеуге болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жеке кәсіпкер жалдамалы жұмысшылары болмаса, өзі үшін өтініш бере алатынын айтты.

"Жеке кәсіпкер өзі үшін де 42 500 теңге алуға өтініш бере алады. Мысалы, ЖШС-ның басшысы - сол ұйымның қызметкері. Сол себепті ол заңды тұлға ретінде өтініш бере алмағанымен, ЖШС жұмысшысы ретінде өтініш бере алады", - деді Нұрымбетов..

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды.

42500.enbek.kz сайтында 42500 теңге алуға құқығы бар кез келген адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, толтыруы тиіс.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрымбетов: 42 500 теңге алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ