Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 42500 теңге алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды

Опубликовано:

ТЖ кезінде жұмысынан айырылған қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш беретін жаңа сайт ашылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Осы жылдың 2 сәуірінен бастап елдегі ТЖ-ға байланысты табысынан айырылғандар 42500 теңге алуға өтінішті "EgovKzBot2.0" Telegram-боты арқылы беріп еді. Алайда, біршама уақыттан соң ботта бірқатар олқылық орын алып, халықты әбден әбігерге түсірген болатын.

Ал бүгін көпшілікке әлеуметтік төлем алуды қолжетімді ету үшін жаңа 42500.enbek.kz сайты іске қосылды. Мұнда жұмысынан айырылған, еңбек демалысына жіберілген немесе қысқартылған адам өтініш бере алады. Ол үшін Қазақстан азаматы өзінің ЖСН нөмірін, жұмыс берушінің БСН нөмірін, өз аты-жөні мен банктегі IBAN шотын, сондай-ақ, E-mail мекенжайын толтыруы тиіс.

Ал жеке кәсіпкерлер мен өз-өзін жұмыспен қамтитын тұлғаларға жүйе кейінірек қосылады.

Кейіннен "Азаматтарға арналған үкімет" өтінішті тексеріп, шешім қабылдайды. Өтініш беруші өз кезегінде қабылданған шешімді SMS арқылы алады. Әлеуметтік көмекті алатын өтініш беруші туралы ақпарат МӘСҚ-ға жіберіледі.

Бірақ, көпшілік сарыла күткен жүйе ішінара ғана жұмыс істеп тұр. Бірде сайтта техникалық ақау бар екені айтылса, енді бірде өтініш берушілер көп екені хабарлануда. Сондықтан, көпшіліктің түсіністік пен шыдамдылық танытқаны абзал.

Скриншот: 42500.enbek.kz
Скриншот: 42500.enbek.kz: Twitter

Еске сала кетейік, елімізде 42 500 теңге көлемінде берілетін әлеуметтік көмекті алатындар санаты кеңейгенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848808-kazakstanda-42500-tege-aluga-tinis-beretin-zaa-sajt-asyldy/

pixel