Выйти
RU

"Қазақстаным": Төреғали бастаған жұлдыздар әнұран шырқап, елді тәнті етті (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдыздары еліміздегі коронавирус пандемиясы жағдайына байланысты отандасдарының рухын көтеру мақсатында жаңа ән эстафетасын бастады. Әншілер қауымы Қазақстан әнұранын қосыла шырқап, қиын жағдайды басынан өткеріп жатқан халыққа қолдау білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

"Менің Қазақстаным" ән эстафетасының видеосы Төреғали Төреәлінің Instagram парақшасында жарияланды.

Оған Төрештен басқа, Қыдырәлі Болманов, Мұқасан Шахзадаев, Мейрамбек Бесбаев, Еркін Нұржанов, Қайрат Нұртас, Ғазизхан Шекербеков, Айқын Төлепберген, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрболат Абдуллин, Қуандық Рахым, Ғаділбек Жаңай, Жұбаныш Жексенұлы, Бағлан Әбдірайымов және тағы да басқа әншілер қатысты.

"Жер бетінде екі Қазақстан болса, менің баратын жерім болуы мүмкін, ал бірақ адамның кеудесіндегі жүректің біреу болғаны сияқты жалғыз Отаны болады. Жалғандағы жалғыз Отаның, сол жалғыз жүрегіңнің төрінде тұруы керек. Жәй кезде қадірін білмей, қажетіне жарай алмай жүрген туған еліңнің қадірін шекарадан сәл шыққан кезде түсінесің. Жаңа туған баланың кіндігін босағаға көметін Қазақтың да ойы тереңде ғой, сол елдің босағасына кіндігінен байлансын дейтін болу керек.

Қара су ішіп, қара нан жесеңде өз еліңде болғанға не жетсін. Талай батырдың қаны төгілген, талай аналарымыздың зары төгілген байтақ даланың ендігі тағдыры-біздің қолымызда. Шет елге қашып, шекараның сыртынан бақыт тапқан адамдарды өмірі түсіне алмай өтетін шығармын, ол құтылу емес жаза болады ақылды адамға, себебі ата тарихымыздағы жазаның ең ауыры- еліңнен аласталу.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Өнер адамдары өте нәзік келеді. Елге төніп тұрған қазіргідей қиын шақта қолынан келгенін аянып қалып жатқан жоқ. Көптің материалдық жағдайын көтеруде, мұқтаж отбасылардың жанында қанша әріптестеріміз жүр, енді халықтың рухын көтеретін әнұранымызды да осылай айтуды ұйғардық, оң қолыңызды жүрігіңізге қойып , қосылай шырқаймын десеңіздер, мархабат! Алдағы ғажайып күндерден үміт үзбейік, сіздерді жақсы көреміз, Алла жар болсын" , - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Аталмыш ән эстафетасын өнер иелері барша отандық журналистер қауымына жолдады.

Айта кетейік, KAZ.NUR.KZ редакцияс да өзінің музыкалық челенджін бастап, оны барша қазақстандықтарға жолдады. Өз отандастарыңызға қолдау білдіріп, ән "Қазақстандықтар бірге" эстафетасына қатысыңыздар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қазақстаным": Төреғали бастаған жұлдыздар әнұран шырқап, елді тәнті етті (видео)