Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстандықтар бірге": KAZ.NUR.KZ жаңа челледж жариялайды

Опубликовано:

Елімізде коронавирус пандемиясы салдарынан орын алған жағдайға байланысты басынан қиын кезең өткеріп жатқан қазақстандықтарға қолдау білдіру мақсатында KAZ.NUR.KZ жаңа музыкалық челлендж жариялайды. Аталмыш ән эстафетасына қатысуға барша Қазақстан азаматтарын шақырамыз.

Көрнекі фото: almaty2017.com
Көрнекі фото: almaty2017.com: UGC

Челледждің басты мақсаты - бүгінде эпидемиологиялық ахуалға асқан алаңдаушылық танытып, уайымға салынған ел еңсесін көтеру, мемлекеттегі ауыр кезеңде отандастарымызға жақсы көңіл-күй сыйлау.

Әрбір қатысушы өзіне ұнайтын әнді таңдап, оны орындау сәтін видеоға түсіруі қажет. Одан кейін бейнежазбаны #қазақстандықтарбірге атты хэштегімен өзінің Instagram парақшасында жариялап, оның астына KAZ.NUR.KZ-ті белгілеп қоюы шарт. Оған қоса, аталмыш ән эстафетасын үш адамға жолдау керек.

Еліміздің басына түскен қиын жағдайда рухты әрі әсерлі әндер шырқап, бір-бірімізді барынша қолдайық! Ең ерекше видеожазбалар біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланатын болады.

#Қазақстандықтарбірге атты ән эстафетасына қатысып, отандасыңа қолдау білдір. Мемлекетке берілген сынақта қазақстандықтардың бірлігін көрсетейік. Ауыр кезеңді бірге еңсеріп, қауіпті індетті бірге жеңіп шығамыз. Біз Біргеміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848862-kazakstandyktar-birge-kaznurkz-zaa-celledz-zarialajdy/

pixel