Выйти
RU

Енді анықтама қажет емес: Алматыда қала бойынша қозғалыс ережелері өзгертілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астананың жеделштабы карантин жағдайында жұмысты жалғастыра алатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың электрондық деректер базасын құрды. Хабарланғандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқандай анықтамалар, немесе қағаз рұқсатнамаларды қабылдамайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Электрондық деректер базасына медицина, құқық қорғау, мемлекеттік органдар, коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, такси және жеткізу қызметтерінің өкілдері кірді.

Жедел штабта хабарлағандай, мегаполис аумағында азаматтардың полицияға түрлі форматтағы қағаз рұқсаттамаларын көрсеткен фактілер жиілеп кеткен.

7 сәуірден бастап полиция қызметкерлері ешқандай рұқсаттама немесе анықтама қабылдамайды. Тек электрондық база ғана жұмыс істейді.

Ақпаратты нақтылау үшін ұйым басшылары Алматы қаласы ПД-нің call-орталығына 254-4007 телефоны бойынша немесе business_stab@almatydc.kz e-mail арқылы хабарласа алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда қаласында жұмыссыз режим бір аптаға яғни 13 сәуірге дейін ұзартылғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Енді анықтама қажет емес: Алматыда қала бойынша қозғалыс ережелері өзгертілді