RU

Қайтыс болған ұлына сағынышын білдірген Ердос Қанаев ел жүрегін елжіретті (видео)

Отандық танымал әнші Ердос Қанаев қайтыс болған ұлына деген сағынышын жеткізді. "Жігіттер" квартетінің мүшесі перзентіне жантебірентерлік жазба арнап, желі қолданушыларын жылатты. Өнер иесі баласының өлімін әлі қабылдай алмай жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erdoskanaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erdoskanaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ердос Қанаевтың ұлының қайтыс болғанына 90 күн өткен. Эстрада жұлдызы баласын есіне алып, Instagram желісінде оған жазба арнады. Перзентіне сағынышын жеткізген әкенің сөздері ел жүрегін елжіреткен.

"Жаным. Бауыр етім балапаным. Жүрегімнің жемісі. Алланың қалауымен дәл бүгін өзіңсіз 90 күнде өте шығыпты. Сенің орның мен үшін бүкіл әлемді толтыруға тұратын алтынмен тең еді. Жаратушы Раббым ең алғаш сен арқылы мені қуанышқа бөледі. Сен өмірге келгенде мен ең алғаш әке атанған едім.
Енді міне бүгін өзіңнен айрылған әкемін. Мен саған шамамның жеткенінше мейірімімді төккен едім, бірақ Ұлы Раббымыз менен де мейірімді. Бұл жалған өмірде қиналдың, қатты қиналған едің. Енді саған жылау жоқ. Өйткені, енді сен Жәннәттың көбелегісің ұлым, Раббым қаласа. Сағындым ұлым. Сағындым" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Ердос Қанаевтың тұңғышы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Әнші отбасындағы қайғысына ортақтасқан көпшілікке алғысын білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1849414-kajtys-bolgan-lyna-sagynysyn-bildirgen-erdos-kanaev-el-zregin-elziretti-video.html