jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мәскеуде коронавирус жұқтырған науқастардың көбі жастар болып шықты

: Original

Ресей астанасы Мәскеуде коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа науқастардың 50 пайыздан астамы – 45 жастан кіші азаматтар. Бұл туралы Мәскеудегі коронавирус жағдайын бақылау мен мониторингтеу бойынша шұғыл штаб мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Шұғыл штабтың мәліметінше, Ресей астанасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 697 жаңа оқиғасы тіркелген. Жалпы, қазіргі уақытта Мәскеу бойынша науқстар саны 5181 адамға жетіп отыр.

"Жаңа науқастардың 47,5 пайызы – 18-ден 45 жасқа дейінгі, 34 пайызы – 46-дан 65 жасқа дейінгі және 14,5 пайызы 65 жастан жоғары азаматтар, олардың 5 пайыздан астамы – жастары 80-нен асқан қарттар. Сондай-ақ науқастардың 4 пайызы – балалар", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ барлық науқастардың және олармен байланыста болған тұлғалардың медициналық бақылауға алынғаны мәлім болды.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 685 адамға жетті.

Атап айтқанда, осы уақытта Нұр-Сұлтанда – 222, Алматыда – 119, Қарағанды облысында – 55, Ақмола облысында – 42, Атырау облысы – 32, Жамбыл облысында - 45, Шымкентте – 20, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Алматы облысында – 10, Ақтөбе облысында – 11, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 5, Қызылорда облысында – 54, Батыс Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 33 және Қостанай облысында – 3 науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мәскеуде коронавирус жұқтырған науқастардың көбі жастар болып шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.