Выйти
RU

"Үйге баруға қорқамыз": Алматылық дәрігерлер бір ай бойы ауруханада өмір сүруде (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты дәрілерлер жұмыс орнында қалуға мәжбүр. Бұл тек кәсіби қажеттіліктен емес, жақындарын ауру жұқтыру қаупінен сақтау мақсатында қабылданған шара деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Пазылов. Фото: жеке архивінен

Сәбит Пазылов. Фото: жеке архивінен

№1 қалалық клиникалық аурухананың медициналық директоры Сәбит Пазылов екі апта бойы жұмыс орнында түнеген. Ол тек жақында ғана жұмыстан кейін үйіне қайта бастаған.

Сәбит Пазылов. Фото: жеке архивінен

Сәбит Пазылов. Фото: жеке архивінен

"Біздің ауруханада шетелден келген азаматтарды карантинге жатқызу үшін уақытша стационар орналастырылды. Карантинге келушілерді қорғаныс костюмдерде қарсы алып, 14 күнге жатқызамыз.
Уақытша стационарға орналастырылған бірінші рейс жолаушылары 13-14 наурызда келді. Қызметкерлермен бірге олардың әрқайсын жеке-жеке қабылдадық. Үйге баруға қорықтық, себебі олардың сынама нәтижелері қандай болатынын білмедік, отбасыларымызға ауру жұқтыру қаупі болды", – дейді дәрігер.
Сәбит Пазылов әріптестерімен. Фото: жеке архивінен

Сәбит Пазылов әріптестерімен. Фото: жеке архивінен

Оның айтуынша, карантинге келушілер қабылданып жатқан шараларға түрлі көзқарас танытады. Кейбіреулері наразылық танытып, карантин жағдайына көңілі толмайды. Себебі жолаушылардың көбісі шетелдердегі жақсы қонақ үйлерде демалып келген.

Сәбит Пазылов. Фото: жеке архивінен

Сәбит Пазылов. Фото: жеке архивінен

Дәрігер аурухананың шипажай емес екенін еске салады, дегенмен стационарда жақсы жағдай жасалғанын, барлық қажетті заттар барын атап өтті.

Ауруханада дәрігерлер үшін арнайы бөлім бөлді. Онда қызметкерлердің түнеуіне жағдай жасалды, себебі көбісі үйге қайту қауіпті деп есептеді. Мысалы, Сәбит Пазыловтың үйінде әйелі мен төрт баласы бар.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Сәбит Пазылов әріптестерімен. Фото: жеке архивінен

Сәбит Пазылов әріптестерімен. Фото: жеке архивінен

"Отбасыммен видеобайланыс арқылы хабарласып тұрдым. Дәрігер ауруханада тұруға дағдыланған, себебі тәулік бойына кезекшілік деген бар. Әдетте мен жұмысқа ерте келіп, кеш қайтатынмын", – дейді ол.

Сонымен қатар, аталған аурухананың эпидемиолог-дәрігері Сабырхан Сансызбаев бір ай бойы ауруханада тұрып келеді. Ол осы уақыт ішінде қаланың сыртында қалған отбасын көрмеген. Дәрігер 9 сәуірде жұмыс орнында тұрып жатқанына тура бір ай болатынын жеткізді.

Сабырхан Сансызбаев пен Мөлдір Шәріпова. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сабырхан Сансызбаев пен Мөлдір Шәріпова. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сондай-ақ дәрігер-терапевт Мөлдір Шәріпова да екі апта бойы ауруханада тұрып келеді. Ол да осы уақыт ішінде балаларын көрмегенін айтады.

Аталған аурухананың медбикелері де үйлеріне қайтпай, тәулік бойы науқастарға көмек көрсетуде.

Салтанат Алиева мен Анар Сатыбалдиева. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Салтанат Алиева мен Анар Сатыбалдиева. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Шетелден келген азаматтар №1 қалалық клиникалық ауруханаға 14 күндік карантинге жатқызылуда.
Біздің медбикелер, санитарлар, буфет қызметкерлері оларға карантин кезінде қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеуде. Халықтың қамы үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға дайынбыз.
20 наурыздан бері барлығымыз ауруханада тұрамыз. Отбасыларымыз қаланың сыртында қалып қойды, оларды көрмейміз.
Ары кетсе, телефон арқылы хабарласамыз. Әрине оларды сағынамыз, бірақ осындай қиын жағдайда барлығымыз үшін жауапты кезең туып отыр.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Әріптестеріме, медбикелерге, дәрігерлерге, эпидемиологтарға, отбасын тастап осында қалуға мәжбүр болған барлық қызметкерлерге алғыс білдіргім келеді.
Біз бірігіп, бұл инфекцияны жеңеміз", – дейді №1 қалалық клиникалық аурухансы пульмонология бөлімінің аға медбикесі Салтанат Алиева.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырғандармен тікелей жұмыс істеп жатқан №2 облыстық аурухананың жедел ішек инфекциясы бөлімінің меңгерушісі Нұрфия Қизатова журналистерге телефон арқылы сұхбат беріп, коронавирустан сауыққан соңғы емделуші ауруханадан шыққанша дәрігерлер жұмыста болатынын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Үйге баруға қорқамыз": Алматылық дәрігерлер бір ай бойы ауруханада өмір сүруде (фото)