Выйти
RU

Бас мүфти 10 сәуір күні жұма намаз уақытында жаппай дұға жасауға шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирус салдарынан қалыптасқан жағдайға байланысты мұсылмандарға үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ

Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ

"Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті жер бетіндегі әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке қарай, бұл індеттен әлемде мыңдаған адам көз жұмды. Әлемде осы дерттен қаза тауып, қара жамылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын.
Өмірді сынақ мекені деп білген мұсылман баласы басына қиындық түссе, төзімділік танытады, нығметке бөленсе, шүкір етеді. Қиындықты сабырға жеңдірген пенде Алланың мейіріміне бөленеді. Алла Тағала сынаққа сабыр етіп, сауапқа кенелген пенделерінен еткей", - деді ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфтидің сөзінше, әлемде етек алған індеттің алдын алуда адамзат Ұлы Жаратушының мейіріміне мұқтаж екенін айқын сезінуде. Сол үшін әрбір ұлт өкілі, барша адам баласы жұдырықтай жұмылып, шын жүректен Жаратқанға жалбарынып, адамзаттың амандығын сұрайтын сындарлы сәтте тұр.

"Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам әлемінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары мен Құран қариларын және барша мұсылман қауымын 10 сәуір жұма күні намаз уақытында "Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ" деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндейді", - деді Наурызбай қажы.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 1.4 млн адамнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас мүфти 10 сәуір күні жұма намаз уақытында жаппай дұға жасауға шақырды