Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде коронавирус инфекциясын 1,5 миллионға жуық адам жұқтырды

Опубликовано:

Коронавирус індеті дүние жүзін әбігерге салуда. Қазіргі уақытта әлем бойынша қауіпті дертке шалдыққандардың саны 1.4 миллион адамнан асқан деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Worldometer порталының мәліметінше, бүгінгі таңда 1 миллион 430 мыңнан астам COVID-19 инфекциясы тіркелген.

Дүние жүзі бойынша 82 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, ал жұқтырғандардың 302 мыңға жуығы індетті жеңіп шықты.

Қазіргі уақытта АҚШ жұқтырған науқастардың саны бойынша көшбасшы болып табылады. Бұл жерде қауіпті инфекция диагнозы қойылған 400 мыңнан астам адам тіркелген. Соңғы 24 сағаттың ішінде вирустан көз жұмғандардың саны екі мыңға жуықтаған. Жалпы АҚШ аумағында індеттен 12,8 мың адам құрбан болған.

Испания қауіпті дертті жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында. Бұл мемлекетте 142 мыңға жуық инфекция жағдайы тіркелген, ал Италияда бұл 7 мыңға аз. Алайда Италия инфекциядан қайтыс болғандардың саны бойынша бірінші орында. Еуропа елінде жағдай өте күрделі. Бұнда вирустың кесірінен 17 мың адам, Испанияда 14 мың адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 697 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849574-lemde-koronavirus-infekciasyn-15-millionga-zuyk-adam-zktyrdy/

pixel