Выйти
RU

"Тақырбас челлендж": Отандық жұлдыздар жаппай шашын тақырлап жатыр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары әндетуді қойып, енді образ өзгертуге мәжбүрлейтін челлендж бастап кетті. Өнер иелері жаппай шашын тақырлап алып тастауға кіріскен. Аталмыш эстафетаға отандық әртістерден кімдер қатысқанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/erdoskanaev/ergali_abdraimov/baglan_abdraimov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/erdoskanaev/ergali_abdraimov/baglan_abdraimov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Карантин уақытында үйлерінен шықпай жатқан өнер жұлдыздары Instagram желісінде бірінен соң бірі түрлі челлендждер ұйымдастырып, оған қатысуда. Өткен аптада әншілер қауымы дәрігерлер, полицейлер мен барша отандастарына қолдау білдіре ән шырқаса, бұл жолы өз образын өзгертуге көшкен.

Бірқатар шоу-бизнес өкілдері басын тақырлатып тастап, эстафетасын өзге өнерлі әріптестеріне жолдаған. Карантинда шашын алып тастаған әртістер қатарында Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Ерғали Әбдірайымов және тағы да басқалар бар.

Оған қоса, Ердос Қанаев бастаған "тақырбас челлендж" қалың көпшілік арасында да жалғасқан. Шашын алып тастаған желі қолданушылары өзінің тақырбас болған фотосын әншіге жіберуде.

Айта кетейік, бұған дейін шоу-бизнес сылқымдары "жастық челлендж" бастаған болатын. Олар жалаңаш денесін жастықтан жасалған көйлекпен жауып қойған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тақырбас челлендж": Отандық жұлдыздар жаппай шашын тақырлап жатыр (фото)