Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда бір тәулікте коронавирустан 900-ден аса адам көз жұмды

Жарияланған күні:

Ұлыбритания Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің 7 сәуір күні сағат кешкі 17:00-де жаңа ақпарат таратты. Мәлімет бойынша елде коронавирустан 7097 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasian.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: centralasian.media
Фото: centralasian.media: Instagram

Бір тәулікте елде 938 адам қайтыс болған. Бұл бір күндегі рекордтық көрсеткіш. Одан бөлек, 232 708 адамнан тест алынып, 60 733-і оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша қазіргі уақытта дүние жүзінде коронавирус жұқтырған адам саны 1,5 миллионнан асқан.

Коронавирустың таралуы туралы мәліметтер университеттің ресми сайтында шығып отырады. Вирус таралғалы бері Жер бетінде 1,5 миллионнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Дүние жүзі бойынша ең көп пациент Америка Құрама Штаттарында тіркелген. Онда 425 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталған. Бір ғана Нью-Йорк қаласының өзінде COVID-19-дан 4,5 аса науқас көз жұмған.

Қауіпті індетті жұқтырғандардың саны бойынша екінші орында Испания тұр. Онда COVID-19 инфекциясы табылғандар саны 148,2 мыңға жеткен. Оның 14,8 мыңы қайтыс болған. Ал адам шығыны бойынша әлемде Италияда көш бастап тұр. Аталған мемлекетте вирустан 17,669 адам көз жұмған. Сонымен қатар, онда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 88 мыңға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849881-lybritaniada-bir-tulikte-koronavirustan-900-den-asa-adam-kz-zmdy/